Жапониялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама Жапония премьер-министрі Синдзо Абэге мамырда Ресейге осы ел президенті Владимир Путинмен кездесуге бармауын сұрады. Kyodo Jiji ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Обама Абэнің сапары АҚШ-тың Ресейді Украинадағы басқыншылығы үшін оқшаулау саясатына қайшы келетінін айтып, сапарынан бас тартуға шақырды.
Ақпараттарға қарағанда, Абэ 9 ақпанда Обамамен телефонмен сөйлескенде оның ұсынысынан бас тартып, Ресейге бару ниеті барын білдірген. Путин мен Абэ мамырдың басында Сочиде кездеседі деп жоспарланған.
Жапония сыртқы істер министрлігі Абэнің Обамамен телефон әңгімесінде Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына қарсы шаралар талқыланған.
Жапония премьері Ресеймен арадағы көп жылға созылған Куриль аралдарына қатысты дауды реттегісі келеді. Куриль архипелагы Жапонияның Хоккайдо аралынан солтүстікке қарай орналасқан. Бұл территориялық дау екі ел арасында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғаны туралы шартты келісімге қол қоюға әлі кедергі келтіріп тұр.
Kyodo-ның мәліметінше, Абэ Обамаға бұл территориялық дауды шеші Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тұрақтылыққа оң әсер етеді.