Accessibility links

Ресей Навальный жайлы Еуропа соты шешіміне наразы


Ресейлік оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальный.
Ресейлік оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальный.

Ресей әділет министрлігі Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотының Ресейді оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальныйдың әділ сотқа қол жеткізу құқығын бұзғаны үшін 56 мың еуро өтемақы төлеуге міндеттейтін шешіміне қарсы арыз түсіретінін мәлімдеді.

Еуропа сотының шешімі 23 ақпан күні шыққан. Белгіленген сома шағымданушының сот шығындары мен тартқан шығынын өтеуі тиіс.

Сот шешімі Навальный мен оның бұрынғы іскер серігі Петр Офицеровке қатысты 2013 жылы шыққан. Бұл істе Навальный мен Офицеров қаржы жымқырды деп айыпталған. Құқық қорғаушылардың көпшілігі істің саяси астары бар деп санайды. Навальный Еуропа сотының шешімін құптап, "ол шешімнің Ресей жоғарғы сотын өзіне таққан айыпты алып тастауға мәжбүрлейтінін" мәлімдеді.

Бірақ Ресейде өткен жылы Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотының шешімдерін егер ол "Ресей конституциясын бұзса" орындамауға рұқсат ететін заң қабылдаған.

XS
SM
MD
LG