Accessibility links

НАТО мигрант мәселесінде Түркия мен Грекияға көмектеспек


Түркиядан Эгей теңізімен Грекияға бара жатқан мигранттар. Қараша 2015 жыл.
Түркиядан Эгей теңізімен Грекияға бара жатқан мигранттар. Қараша 2015 жыл.

НАТО елдері Түркия мен Грекияға Эгей теңізінде Еуропа Одағына мигранттарды тасымалдаумен айналысатын контрабандистермен күресуге көмектесу жоспарын мақұлдады.

Брюссельде өткен кездесуден соң НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Грекия мен Түркия күштері бір-бірінің территориялық теңіз суларында немесе әуе кеңістігінде әрекет етпейтінін мәлімдеді. Бірақ альянс елдерінің әскери кемелері Грекия мен Түркияның территориялық теңіздеріне кіре алады.

Столтенберг бұған қоса, Эгей теңізінде НАТО күштері ұстаған кез-келген мигрант Түркияға қайтарылатынын айтты.

Түркия мен Грекияның қарым-қатынасы бұрыннан Эгей теңізіне қатысты дауға байланысты шиенелісіп тұр.

Ақпанның 11-і күні НАТО қорғаныс министрлері Эгей теңізіне әскери кемелер кіргізу туралы келісім жасасқаннан бері Грекияның қорғаныс министрі Түркияны келісім бойынша жұмыстарға кедергі келтіріп отыр деп айыптаған.

Түркия көпшілігі Сириядан келетін босқындарды паналатып, Еуропа Одағына жібермеу үшін одақтан 3,3 миллиард доллар көлемінде көмек алып отыр.

XS
SM
MD
LG