Accessibility links

Чехияда алғашқы адам Зика вирусын жұқтырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Чехия денсаулық сақтау министрлігі елде алғашқы адамға Зика вирусы жұққанын хабарлады.

Науқастың Зика вирусын Чехияда жұқтырғаны, я вирус кең таралған Бразилия сияқты елдерге барғаны әзірге белгісіз.

Чехия денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтыруға қатысты толық ақпаратты кейінірек жариялайтынын білдірді.

Маса арқылы таралатын вирус жаңа туған балалардың басы мен миы көлемінің кішірейіп, неврологиялық ауруларға шалдығуына себепкер болады. Вирус Оңтүстік және Орталық Американың 26 елінде таралған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, аталған аймақта төрт миллионға дейінгі адам вирус жұқтыруы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1 ақпанда Зика вирусын халықаралық деңгейде қауіп төндіреді деп жариялаған.

Бұған дейін Еуропа елдері арасынан Испанияда алғашқы адамға вирус жұқтырды деген диагноз қойылған.

XS
SM
MD
LG