АҚШ президенті Барак Обама тауар туралы заңдағы елге бала еңбегін мәжбүрлеп пайдалану арқылы өндірілген тауарларды кіргізуге мүмкіндік беретін айла-амалды жойды. Құқық қорғаушылар заңдағы импорттық тауарға қатысты бұл ереженің жойылғанын құптады. Бұл өзгерістің Орталық Азиядағы мақта өндірушілер үшін кері әсері болуы мүмкін. Дегенмен, кеден органдарының заңдағы өзгерісті өзбек мақтасына қатысты қолданатыны белгісіз.
Өзбекстан мақта алқаптарында балалар еңбегін жиі пайдаланады. Белсенділер үкіметті бұл әдісті жоюға мәжбүрлейтін шаралар жасауға үнемі шақырады. Cotton Campaign деп аталатын коалиция заңгері Брайан Кэмпбеллдің Азаттыққа айтуынша, заңдағы өзгеріс енді өзбек мақтасынан жасалған кез-келген тауарға қатысты, тіпті АҚШ оған балама тауар түрін жасамаса да қолданылады. Ол бұған қоса енді мәжбүрлі еңбек құрбандарында кеден органдарын сауда туралы заңның орындалуын жақсартуға ықпал ете алатын мүмкіндік пайда болады дейді.