Accessibility links

Козлова сотында куәгерлерден жауап алу жалғасты


Nakanune.kz сайтының журналисі Юлия Козлова (оң жақта) мен оның адвокаты Айман Омарова сотта. Алматы, 26 ақпан 2016 жыл.
Nakanune.kz сайтының журналисі Юлия Козлова (оң жақта) мен оның адвокаты Айман Омарова сотта. Алматы, 26 ақпан 2016 жыл.

Алматыда оппозициялық Nakanune.kz сайтының журналисі Юлия Козлованың үстінен өтіп жатқан сот процесінде бүгін куәгерлерден жауап алу жалғасты. Журналиске "есірткі сақтады" деген айып тағылған.

Өткен сот отырысында журналистің адвокаты Айман Омарова материалдардағы олқылықтарға, күн мен уақыттың қателіктеріне және өшіру белгілері барына назар аудартқан соң сотқа материалдарды дайындауға қатысы бар адамдар куәгер ретінде шақыртылған. Айыптаушы жақтың куәгері Елена Қасымова өз пікірінше материалдарды дайындауда "болмашы ғана техникалық қателіктер жібергенін", бірақ сараптама материалдарының шынайылығы мен дәлдігіне күмән келтірмейтінін айтты. Сотқа шақыртылған Алматы қалалық ішкі істер департаментінің тергеушісі, "Nakanune.kz сайтындағы тапсырыспен жазылған материалдар" туралы істі тергейтін Алексей Чапурин бүгін материалдағы адвокат айтқан кемшіліктер негізінен техникалық қателіктер екенін айтты.

Айман Омарова 24 ақпан күні сотта кейбір айғақтарды айғақ деп тануға болмайтыны туралы өтініш берген.

Алматы полициясы 18 желтоқсан күні "Казкоммерцбанк" туралы "тапсырыспен жазылған" мақалаларды жариялау туралы іс бойынша Nakanune.kz сайтының редакциясына, сайт иесі Гузяль Байдалинова мен Юлия Козлованың пәтерлеріне тінту жүргізген. Тінту кезінде полицияның Козлованың үйінен "есірткі затына ұқсас" шөп тапқаны хабарланған. Тергеушілер тағайындаған сараптама қорытындысы бойынша табылған шөп "есірткі" деп жарияланған. Ал "Әділ сөз" баспасөзді қорғау ұйымының тәуелсіз сараптамасы нәтижесі мұны жоққа шығарғанын айтады.

Юлия Козлова қазір Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда.

XS
SM
MD
LG