Accessibility links

ЕҚҰЫ ПА мәжіліс сайлауына 70-тей бақылаушы жібереді


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) парламенттік ассамблеясы ғимаратында сөйлеп тұрған Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев. Вена, 2006 жыл. (Көрнекі сурет)
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) парламенттік ассамблеясы ғимаратында сөйлеп тұрған Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев. Вена, 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы жергілікті ресми ақпарат агенттіктері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) парламенттік ассамблеясы Қазақстанда 20 наурыз күні өтетін мәжіліс сайлауына 70-ке жуық бақылаушы жіберетінін хабарлады.

Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) парламенттік ассамблеясының бас хатшысы Роберто Монтелла Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде, Вена қаласында (Австрия астанасы) мәлімдеген.

Наурыздың 20-сына белгіленген Қазақстан парламенті мәжілісінің сайлауы мерзімінен бұрын өтіп жатыр. Ақпанның 19-ы күні Орталық сайлау комиссиясы 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркегенін хабарлады.

«Нұр Отан» партиясы мәжіліс сайлауына ең көп үміткер ұсынды - 127 кандидат. «Ақ жол» - 35, ЖСДП - 23, ҚХКП - 22 кандидат, «Ауыл» - 19, «Бірлік» – 8 кандидат ұсынып отыр.

XS
SM
MD
LG