Accessibility links

Грузия НАТО-ға кіргісі келетінін тағы мәлімдеді


Грузияның Тәуелсіздік күніндегі әскери шеруге қатысқан ұшақтар. Тбилиси, 26 мамыр 2015 жыл.
Грузияның Тәуелсіздік күніндегі әскери шеруге қатысқан ұшақтар. Тбилиси, 26 мамыр 2015 жыл.

Грузия президенті резиденциясында осы елдің қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті. Мұнда Грузия қарулы күштерін қайта құру мәселесі қаралған. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Тинатин Хидашели хабарлаған.

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили жиын соңында «Біз елдің әскерін Батыс және Шығыс басқармасы деп екіге бөлдік. Бұдан басқа, біз Грузияның НАТО-ға кіруі мәселесін де сөз еттік. Бұл позиция мызғымайды, барлық мемлекеттік мекемелер осы позицияға жұмыс істейді» деп мәлімдеген.

Қауіпсіздік кеңесі президентке әскердің жаңа құрылымы туралы жобаны жақында қол қоюға ұсынатын болды.

XS
SM
MD
LG