Accessibility links

Алматыда алаяққа алданған зейнеткер наразылық танытты


Зейнеткер Раиса Дүйсембаева наразылық танытып тұр. Алматы, 2 наурыз 2016 жыл
Зейнеткер Раиса Дүйсембаева наразылық танытып тұр. Алматы, 2 наурыз 2016 жыл

Алматыда бүгін Медеу аудандық ішкі істер басқармасы алдында зейнеткер, Раиса Дүйсембаева полициядан өзін алдаған алаяқтың серіктерін де жауапқа тартуын талап етіп, наразылық танытты. Зейнеткер наразыылықта қолына "Ақшамды қайтар, милиция!" деген жазуы бар плакат ұстап шықты. Біраздан соң зейнеткерді Медеу аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Ерлан Оралбеков қабылдады.

Раиса Дүйсембаеваның айтуынша, ол 2013 жылы мемл бағдарлама бойынша үй алмақ болғанда әлде бір адамдар кезексіз үй алып береміз деп 18,5 мың долларын алып, алдап кеткен. Кейін оның шағымы бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, бір топ адамды тергеп, олардың бірін "алаяқтық жасады" деген айыппен үш жылға соттаған. Бірақ Дүйсембаева сотталған адамның серіктері де барын айтып, оларды да жауапқа тартуды және ақшасын өндіріп беруді талап етеді.

"Оның серіктері бар. Оның баласы менен ақша алған. Оның да қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етем" дейді зейнеткер.

Ал Ерлан Оралбеков сотталған адамның серіктерінің қылмыс жасағанын дәлелденбегенін айтады. "Біз алаяқтықпен айналысқан адамның таныстарын тауып, тергедік. Тергеу амалдары олардың кінәсіз екенін анықтады. Егер басқа да зардап шектік деген адамдарды тауып жатсаңыздар онда қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп көрерміз" деді.

Қабылдауда Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек Раиса Дүйсембаеваға ақшасын өндіріп беру полицияның міндеті емес екенін, бірақ сот арқылы материалдық шығынын өндіріп беру туралы шағымдануға болатынын айтты.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG