Accessibility links

Астана Сириядағы бітімді толық сақтауға шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Қазақстан Сириядағы қақтығыстың тоқтағанын қоштайтынын мәлімдеп, тараптарды келісімді орындауға шақырды. Сирияда қақтығысты тоқтату режимі 27 ақпанға қараған түні күшіне енген.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дипломатиялық миссия жетекшілерімен кездесуде сөйлеген Назарбаев Сириядағы қақтығыстың теріс салдары "аймақтан тыс алысқа әсер етіп жатқанын" айтты.

"Біз Ресей мен АҚШ арасында Сирияда қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанын дұрыс көреміз. Қақтығысқа тартылған барлық тараптарды келісімді толық орындауға шақырамыз. Мұның қақтығысты ұзақ мерзімге саяси жолмен реттеуге ықпал ететініне сенімдіміз" деген Назарбаев.

Қазақстан президенті бұған қоса Қазақстанда әлсіз байытылған уран банкін орналастыру туралы келісімнің маңыздылығын да айтқан. Банк орналастыру туралы келісімге 2015 жылы тамызда Астанада Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікпен қол қойылған. Әлсіз байытылған уран банкін Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының территориясына орналастыру жоспарланған.

XS
SM
MD
LG