Accessibility links

БҰҰ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтті


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Солтүстік КОреяға қарсы санкцияны күшейту туралы қарарға дауыс беру. Нью-Йорк, 2 наурыз 2016 жыл.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Солтүстік КОреяға қарсы санкцияны күшейту туралы қарарға дауыс беру. Нью-Йорк, 2 наурыз 2016 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі халықаралық қауымдастықтың Солтүстік Кореяға өткен айда зымыран ұшырғаны үшін салған санкциясын күшейтетін қарарды бірауыздан қолдап дауыс берді. Жаңа құжат бойынша, Солтүстік Кореяға баратын және осы елден шыққан барлық жүк кемелері міндетті түрде тексеруден өткізілуі тиіс.

Бұған қоса осы елге шағын калибрлі және жеңіл қару-жарақтың кез-келген түрін жеткізуге және сатуға тыйым салынды. Сонымен қатар, қара тізімге енгізілген адамдар мен компнаиялардың саны артты. Ақпарат құралдары бұл жолғы санкцияларды Солтүстік Кореяға қарсы соңғы жиырма жылда қабылданған ең қатаң шара деп атайды.

XS
SM
MD
LG