Еуропа комиссиясы Еуропа Одағына (ЕО) миграциялық дағдарысты реттеуге алдағы үш жылда 700 миллион доллар бөлуді ұсынды.
Еуропа комиссиясы мүшесі Христос Стилианидестің мәлімдеуінше, бұл қаржы ЕО-ның мигранттар нөпірінен ең көп зардап шеккен және гуманитарлық апат шегіне жеткен елдеріне бөлінбек. Қаржы шұғыл гуманитарлық көмек - азық-түлік, шатырлар мен дәрі-дәрмектер жеткізуге жұмсалады.
Еуропа комиссиясының бұл ұсынысын енді Еуропа парламенті мақұлдауы керек. Бұдан өзге, мұндай жоспар бірінші рет БҰҰ және басқа да гуманитарлық ұйымдармен үйлесе іске асырылмақ.