Accessibility links

Сейітқазы Матаев үйқамақта қалды


Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев.
Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев.

Алматы қалалық соты Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевты үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы сот шешімін өзгертуден бас тартты. Матаевтың адвокаттары Андрей Петров пен Мадина Бакиева соттан Матаевты үйқамақтан кепілге босатуды сұраған. Адвокаттардың судья Ардақ Ешеевке қарсылық білдіру өтініштері де қанағаттандырылмады.

Судья Ардақ Ешеев "мемлекет қаржысын жымқырды" және "салық төлеуден жалтарды" деген күдікке ілінен Матаевты үйқамаққа алу ол "тергеуге міндетті түрде келу тәртібін бұзғандықтан" заңды екенін айтты. Бірақ адвокаттар мұнымен келіспейді.

- Сот тек коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының дәйектерін назарға алып, Матаевтың барлық тергеу амалдарына қатысқанын дәлелдейтін құжаттарды ескермеді, - деді Мадина Бакиева.

Қазақстан журналистер одағының төрағасы әрі ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты ұлы Әсетпен бірге 22 ақпанда антикоррупциялық қызметке тергеуге апарған. Әсет Матаев сол күні босатылған. Ал Сейітқазы Матаев бюджет қаржысын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікпен ұсталған. 24 ақпанда сот оны үйқамаққа алған. Өткен аптада оны Алматыдағы кардиологиялық орталыққа жеткізген.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл бюросы Матаевтардан мемлекеттік саясатты ақпараттық насихаттау үшін бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктенеді. Бірақ Матаевтар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды және оқиғаны "үкіметтік емес ұйым мен ақпарат құралына қысым жасау әрекеті" деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG