Accessibility links

Ресейде күніне 8 бала зорлықтан көз жұмады


Кісі қолынан қаза тапқан баланы еске алып, метро станциясы маңына гүл мен ойыншық қойып жатқан адам. Мәскеу, 1 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет)
Кісі қолынан қаза тапқан баланы еске алып, метро станциясы маңына гүл мен ойыншық қойып жатқан адам. Мәскеу, 1 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейде күн сайын зорлық-зомбылықтың салдарынан сегіз бала не жасөспірім көз жұмады деп хабарлады ол елдің федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко.

Оның сөзінше, 2014 жылы балаларға қатысты жасалған 95 мыңнан астам қылмыстың 15 мыңы - ауыр және өте ауыр қылмыс. Матвиенконың айтуынша, мұндай қылмыс саны соңғы уақытта көбейіп кеткен. Ол "бұл құбылысқа экономикалық қиындықтардан гөрі отбасы институтының әлсіреуі әсер еткен" дейді.

Ресей федерация кеңесінің спикері балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау проблемасы әлі күнге дейін шешімін таппағанын айтады.

XS
SM
MD
LG