Accessibility links

Обама: Кабул "Талибанмен" келіссөзді тоқтатпау керек


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 24 наурыз 2015 жыл.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 24 наурыз 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама 4 наурызда Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен видеоконференция арқылы сөйлескенінде оны "Талибан" қозғалысымен бітім орнату әрекетін жалғастыра беруге шақырды.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама АҚШ Ауғанстанда және тұтас аймақта тұрақтылық орнатып, зорлық-зомбылықты азайтуға септесетін бейбіт келіссөзді қолдайтынын айтқан. Хабарламада Обама Ашраф Ғанидың Ауғанстанның көршілес елдермен аймақтық ынтымақтастықты нығайту және "Талибанмен" бейбіт келіссөзді алға жылжыту жұмысындағы рөлін атап өткен.

Ауғанстан, АҚШ, Пәкістан мен Қытай өкілдері өткен айда Кабулде өткен кездесуден соң наурыздың басында Исламабадта Ауғанстан үкіметі мен "Талибан" арасында тікелей бейбіт келіссөз басталады деп күтіліп отырғанын мәлімдеген. Бірақ осы аптада келіссөз өткен жоқ.

АҚШ вице-президенті Джо Байден мен Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулла да қатысқан видеоконференцияда Обама Ауғанстан қауіпсіздік күштерін "терроризммен күрестегі міндеттерді орындауда ерлік көрсетіп отыр" деп мақтаған.

"Обама президент Ғаниға Ауғанстан қауіпсіздік және қорғаныс күштеріне таң қалғанын айтты" делінген Ауғанстан президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG