Accessibility links

Өзбекстанда Гюльчехра Бобокулованың ұлы қамалды


Ресейде үш жастағы қызды өлтірді деп айыпталған Гюльчехра Бобокулова.
Ресейде үш жастағы қызды өлтірді деп айыпталған Гюльчехра Бобокулова.

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Өзбекстанда Ресейде үш жастағы қызды өлтірді деп айыпталған Гюльчехра Бобокулованың ұлы әкімшілік қамауға алынды. РИА "Новости" агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Бобокулованың 19 жастағы ұлы Рахматилло "профилактикалық" мақсатта 15 күнге қамалған. Кейбір мәлімет бойынша, оны Сирияда содырлар жағында соғысуға "дайындаған".

Дерекөз РИА "Новости" агенттігіне "оған профилактикалық және тәрбиелеу мақсатында әкімшілік шара тағайындалды. Оның Мәскеудегі анасымен кездеспегені анықталғандықтан, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ" деп хабарлаған. Дереккөз Рахматилло өткен жылы Өзбекстанға оралған соң әкесімен бірге тұрған.

39 жастағы Өзбекстан азаматы Гюльчехра Бобокулова Мәскеуде 29 ақпан күні метроның "Октябрьское поле" станциясында ұсталған. Оған өзі күтуші болған үш жастағы қызды айуандықпен өлтірді деген айып тағылып отыр.

Ресей тергеу комитеті айыпталушыға кешенді стационарлық наркологиялық, писихологиялық және психиатриялық сараптама тағайындаған.

XS
SM
MD
LG