Accessibility links

2016-2018 жылғы бюджетке өзгеріс пен түзету бекітілді


Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).
Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2016-2018 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Заң жобасын 3 наурызда парламент сенаты мақұлдаған еді.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бұған дейін бюджеттің өзгертілген жаңа жобасында 2016 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштер "АҚШ долларының айырбас бағамы 360 теңге, мұнай баррелінің бағасы 30 доллар болады, металл бағасы 2015 жылғымен салыстырғанда 15 пайызға төмендейді" деген болжамға негізделгенін айтқан.

Досаевтың сөзінше, 2016 жылы номиналды жалпы ішкі өнім көлемі 1 триллион 300 миллиард теңгеден астам болады деп болжанған.

XS
SM
MD
LG