Accessibility links

ЕО мен Түркия босқындар жайын кеңеседі


Босқындар балалары ЕО шекарасында "Көмектесіңдер, өлгіміз келмейді" деген жазу ұстап, шекараны ашуды сұрап тұр. Грекия, 3 наурыз 2016 жыл.
Босқындар балалары ЕО шекарасында "Көмектесіңдер, өлгіміз келмейді" деген жазу ұстап, шекараны ашуды сұрап тұр. Грекия, 3 наурыз 2016 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) мен Түркия басшылары кездесіп, 7 наурыз күні босқындар дағдарысы мәселелерін талқыламақ.

ЕО-ның 28 мемлекеті Түркиямен босқын мәртебесін алмаған мигранттардың нөпіріне тосқауыл қою жолдарын ақылдаспақ.

Қараша айында ЕО елдері Түркияға мигранттар тасқынын тоқтату үшін қаражат бөлетін болып келіскен.

ЕО елдері Түркияның бұл тарапта көптеген шаралар атқарғанын айтқанымен, Түркиядан Грекияға ағылып жатқан мигранттар нөпірінің тоқтамағанын мәлімдеді.

Түркиядан Грекияға күніне екі мыңдай мигрант өтеді. ЕО мүшесі саналмайтын Македония мен ЕО елдері мигранттардың тасқынын тоқтату үшін шекараларын жапты. Бұл Грекияны қиын жағдайда қалдырып отыр. Грекиядан ары аса алмаған 30 мыңдай мигрант осы елде жатыр.

XS
SM
MD
LG