Accessibility links

Шарапова допинг тексеруден өтпей қалғанын мәлімдеді


Мария Шарапова.

Ресейлік теннисші Мария Шарапова биылғы Австралия ашық чемпионатында допинг тексерістен өтпей қалғанын мәлімдеді.

Ол 7 наурызда Лос Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында мельдоний препаратын 10 жыл бойы қабылдап келгенін айтты. Ал WADA (Халықаралық антидопинг агенттігі) мельдоний препаратын 2016 жылдан бастап допинг тізіміне енгізген.

"Мен бұл әрекет үшін бүкіл жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен үлкен қателік жасадым. Спорттық карьерамды дәл осылай аяқтағым келмейді және маған теннисте қалуға тағы бір мүмкіндік беріледі деп үміттенемін" деді Шарапова.

Ресейлік теннисші, әлемнің экс-бірінші ракеткасы өзін қандай жаза күтіп тұрғанын нақты білмейтінін айтты.

28 жастағы теннисші Grand Slam жарыстарын бес рет ұтқан. Қазір ол әлемдік рейтингте 7-орында тұр.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG