Accessibility links

Түркия-Әзербайжан бірлескен әскери жаттығуы басталды


Түркияның F-16 әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)
Түркияның F-16 әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

7 наурыз күні Түркия мен Әзербайжан әскери әуе күштерінің бірлескен оқу-жаттығуын бастады. Ақпараттарға қарағанда, Әзербайжанның әскери әуе күштері Түркияның Конья қаласына 7 наурыз жеткен.

Жаттығу 7 наурыздан 25 наурызға дейін өтеді. Оған Әзербайжанның үш МиГ-29 жойғыш ұшағы, Су-25 шабуылшы ұшағы, Ил-76 жүк ұшағы қатысып жатыр. 2015 жылы бұл екі ел құрлықтағы және әуедегі екі бірдей әскери жаттығу өткізген еді.

XS
SM
MD
LG