Лондон соты Украинаның қазақстандық "БТА Банктің" бұрынғы басқарма төрағасы Роман Солодченконы экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырмады. Украина Солодченконы қаржылық қылмыстар жасады және қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деп айыптайды.
"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, сот Украинаның сот жүйесін Солодченконың үстінен әділ сот өткізуге кепілдік бере алмайды деп тауып, оны қайтарудан бас тартқан.
Солодченко өткен жылдың қаңтар айында Лондонда ұсталған. Киев Солодченконы, "БТА Банктің" бұрынғы иесі Мұхтар Әблязовті және басқа бірнеше адамды алты миллиард доллардан астам қаржы залал келтірді деп айыптайды. Бұларға қатысты Ресей, Қазақстан және тағы бірнеше ел тергеу жүргізіп жатыр.
Банктің бұрынғы топ-менеджерлерінің өзі барлық айыпты "ойдан шығарылған және саяси астары бар" деп санайды.
Өткен жылы қыркүйекте Франция соты қамауда ұстап отырған Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялауды мақұлдаған.