Accessibility links

Шешенстанға баратын белсенділерге шабуылдады


Ингушетия мен Шешенстан картасы (Көрнекі сурет).

Ресейлік құқық қорғаушылардың мәліметінше, бетперде киген, пышақпен қаруланған адамдардың шабуылынан шетелдік екі журналист ауруханаға түскен. Шабуыл Ингушетиядан Шешенстанға кірмек болған бір топ журналист пен белсенділерге жасалған. Азаптаудың алдын алу комитетінің хабарлауынша, қызметкерлері мен журналистер Ингушетия территориясында жүргенде оларға 20 шақты адам шабуылдаған. Болжам бойынша, шабуылдағандар Шешенстаннан шыққан.

Шабуылдағандар белсенділер мен журналистер мінген микроавтобусты өртеген. Швециялық радиостанция тілшісі Мария Перссон Лофгрен мен норвегиялық журналист Ойнстайн Виндстат жараланған. Тағы бір журналист, New York Times тілшісі Александрина Егагина шабуылдағандар оларды "террорист" деп атап, олардың "өз территорияларында ешнәрсе істей алмайтынын" айтқан.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен оның жақтастары бұған дейін "шетел агенті" деген ат тағылған Азаптаудың алдын алу комитетін көпшілік алдында сынаған.

XS
SM
MD
LG