Accessibility links

Ақпараттық қауіпсіздік жайлы ҰҚШҰ құжаты мақұлданды


Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты бүгін "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің ақпараттық саладағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимылда өзара әрекет етуі туралы хаттаманы мақұлдайтын заң жобасын бекітті деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Келісімді сенатта таныстырған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қабдылкәрім Әбдіқазымов ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыс саны артып, ҰҚШҰ елдерінің өзара әрекет етуінің құқықтық тетіктерін құру қажеттігі туған.

"Халықаралық келісім арнайы қызмет пен құқық қорғау органдарының ақпарат алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізу және ғылыми зерттеулер жасау, процессуалдық істерге көмек көрсету және кадр оқытуындағы өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды" деді Әбдіқазымов.

Хаттамаға 2014 жылы 23 желтоқсанда Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше елдер (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) басшылары қол қойған.

XS
SM
MD
LG