Accessibility links

Апелляциялық сот Танковтың жазасын жеңілдетпеді


Қарағандылық заңгер Евгений Танков.
Қарағандылық заңгер Евгений Танков.

Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы заңгер, түрмеде отырған Евгений Танковтың жазасының қалған бөлгін жеңіл дету туралы апелляциялық шағымын қабылдамай тастады.

Танков осымен екінші рет жазған шағымында Абай аудандық сотының шешімін жоюды сұраған. Абай аудандық соты Танковтың жазасының қалған бөлігін жеңілдетіп, бостандығын шектеу түріне ауыстыру туралы шағымын қанағаттандырмаған.

- Отырыс адвокаттың қатысуынсыз өтті. Біз адвокатпен бірге сот дәлізінде күтіп тұрдық. Сот әйтеуір бір себеппен прокуро Нұркеновтің Абай аудандық сотының шешіміне қарсылығын және бұған дейін Евгенийдің мінез-құлқына оң баға берілгенін ескермеді, - дейді Азаттыққа Танковтің анасы Валентина Танкова.

Судьяны «шыбын қаққыш дуэліне» шақырған қылығы үшін қарағандылық адвокат Евгений Танков 2014 жылы шілденің 24-і күні үш жылға бас еркіндігінен айрылған. 2014 жылы қазанда апелляциялық сот үкімді күшінде қалдырған. 2015 жылы наурыздың 18-інде Танков жазасын өтеп жатқан Қарабас елді мекеніндегі АК 159/18 колониясында өткен көшпелі сот отырысында мекеме әкімшілігі, прокуратура мен адам құқығы жөніндегі қоғамдық комиссия өкілдері заңгерді мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығару немесе оның жазасын жеңілдетуді сұрап жазған өтінішін қанағаттандырмаған. Ал өткен жылы маусымның басында сот түрме әкімшілігінің талап-арызы бойынша Танковтың жаза мерзімін жарты жылға кеміткен.

Танковтың жаза мерзімінің аяқталуына жарты жылдан сәл астам уақыт қалды.

XS
SM
MD
LG