Accessibility links

АҚШ: Лесин басынан алған жарақаттан көз жұмған


Ресейдің бұрынғы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі министрі Михаил Лесин.
Ресейдің бұрынғы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі министрі Михаил Лесин.

АҚШ билігінің мәлімдеуінше, сараптама қорытындысы Ресейдің бұрынғы баспа ісі, телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі министрі, өткен жылы Вашингтондағы қонақүйде өлі күйінде табылған Михаил Лесиннің "басынан алған жарақатынан" көз жұмғанын көрсетті.

Медициналық сараптама тобы өкілінің Азаттыққа айтуынша, Лесиннің өліміне оның мойны, кеудесі, қолы аяқ және аяғындағы осыға ұқсас жарақаттар да себеп болған. Қазір қылмыстық іс қозғауға шешім қабылданып жатыр. Лесиннің өліміне қатысты бұдан басқа ресми мәлімет берілмеді.

Ресей президенті Владимир Путиннің біраздан бергі серігі болған Лесиннің денесі 2015 жылы 5 қарашада Dupont5 қонақүйінде табылған. Лесиннің өлімі ол АҚШ Федералдық тергеу бюросына көмектесуді ұсынған соң өлтірілді деген сыбыс тарауына себеп болды.

Лесин министр қызметін 1999-2004 жылдары атқарған. Ол бұған қоса "Газпром Медианы" басқарып, ағылшын тіліндегі Russia Today телеарнасын құруға қатысқан.

XS
SM
MD
LG