Accessibility links

Мәскеу Косовоға қатысты дауда Сербияны қолдайды


Сербия президенті Томислав Николич (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Мәскеу, 10 наурыз 2016 жыл.
Сербия президенті Томислав Николич (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп тұр. Мәскеу, 10 наурыз 2016 жыл.

Сербия президенті Томислав Николич Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Сербияның территориялық тұтастығы мәселесіне, әсіресе Косовоға қатысты дауда Белградты қолдайтынына кепілдік бергенін мәлімдеді.

Косово 2008 жылы Сербиядан тәуелсіздігін жариялаған. Қазір бұл елдің тәуелсіздігін 110-нан астам мемлекет мойындаған.

"Путин Сербия өзіні территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғауда, әсіресе Косовоға қатысты талап-тілегін орындауда Ресейге арқа сүйей алатынын анық білдірді" деді Николич Мәскеуде Путинмен кездескен соң.

Сербия көпшілігі этникалық албандар тұратын Косовоның БҰҰ-ға мүше болу әрекетіне дипломатиялық кедергі келтіруде Ресейдің қолдауына сүйенеді.

Путин мен Николич бұған қоса Сербияның таяуда елге НАТО әскери қызметкерлерін кіргізуге келісім бергенін де талқылаған.

Николич келісім негізінен НАТО әскерилерін қару-жарақ арсеналын бұзу үшін кіргізуге жасалғанын айтты. Ол Ресей бұл келісімге алаңдамайтынын және "Путин мұны түсініп отырғанын" айтты.

Томислав Николич - ресейшіл президент және ол соңғы кезде НАТО және Еуропа Одағымен жақын байланысқа ашық қарсылық білдіріп жүр.

XS
SM
MD
LG