Accessibility links

Ахметов ісі: Прокуратура шағымды қанағаттандырмауды сұрады


Серік Ахметовтің шағымын қарап жатқан Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы. 10 наурыз 2016 жыл.
Серік Ахметовтің шағымын қарап жатқан Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы. 10 наурыз 2016 жыл.

Қарағандыда экс-премьер Серік Ахметовтің ісіне қатысты өтіп жатқан апелляциялық сотта айыптаушы прокуратура сотталушы 12 адамның шағымын қанағаттандырмауды сұрады.​Прокуратура жалпы алғанда барлық сотталушыларға қатысты үкімді заңды және құқықтық негізі бар деп тапты.Қарағанды облыстық соты апелляциялық шағым бойынша сот шешімін жариялайтын уақытты 14 наурыз күні сағат 16:00-ге белгіледі.Прокурор бұған қоса бұл іс бойынша шыққан үкімнен Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Айдар Телғарин мен "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының" бұрынғы менеджері Ерлан Қисықовтың дүние-мүлкін тәркілеу түрінде қосымша жазаны алып тастауды сұрады. Айыптаушы жақ сонымен қатар үкімнен "ҚазАгро" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Дулат Айтжановқа қатысты айыптаудың бір тармағын жоюды да сұрайды.

Прокуратура шағымды қанағаттандырмауды сұрады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00
Жүктеп алу

Қарағанды облыстық соты 11 желтоқсанда Серік Ахметовті "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деп айыптап, 10 жылға соттаған. Сот Ахметовтің дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етіп, 5 жыл мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салған. Ахметов пен сотталушылардың көпшілігі тағылған айыпты мойындамайды

Ахметов өз шағымында соттан «адал ниетімен өкінетінін» және «туыстары мен отбасы достарының» өз еркімен жалпы сомасы 2 миллиард 255 миллион теңге көлеміндегі материалдық залалды толық өтегенін ескеруін сұрайды.

XS
SM
MD
LG