Accessibility links

«ЭКСПО-2017» экс-менеджерлері ісі сотқа тапсырылды


«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев.
«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс 10 наурызда сотқа тапсырылған. Бұл туралы Астана қалалық соты баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық іс бойынша «аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын талан-таражға салған» деген айып тағылғандар арасында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев, бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Бархинхоев, бұрынғы құрылыс департаменті жетекшісі Қажымұрат Үсенов бар.

Қалалық соттың хабарлауынша, судья іспен танысып шыққан соң оны сот өндірісіне қабылдауға қатысты шешімін шығарады.

2015 жылы маусымда «Астана ЭКСПО-2017» басшысы қызметінен босатылған соң бірнеше күннен кейін қылмысқа күдікті ретінде ұсталып, сот шешімімен үйқамаққа алынған Талғат Ермегияевке тергеушілер «4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленді» деген айып таққан.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы Астанада 2017 жылы өткізу жоспарланған халықаралық көрмеге дайындықпен айналысады.

XS
SM
MD
LG