Accessibility links

Испания Ресей депутатына халықаралық іздеу жариялады


Ресей мемлекеттік думасы депутаты Владислав Резник. 25 сәуір 2015 жыл.
Ресей мемлекеттік думасы депутаты Владислав Резник. 25 сәуір 2015 жыл.

Испания Ресей депутатына халықаралық іздеу жариялады

Испания билігі Ресей мемлекеттік думасына «Единая Россия» билік партиясынан сайланған депутат Владислав Резник пен оның әйелі Диана Гиндинге Интерпол арқылы халықаралық іздеу жариялағаны хабарланды.

Мадридтің аталған ресейліктерге халықаралық іздеу салуға келтірген негіздерін Интерполдың қалай қабылдағаны әзірше белгісіз.

Резникке қылмыстық топқа және күмәнді ақшаны заңдастыруға қатысы бар деген айып тағылған деп хабарлады ресейлік РБК депутаттың адвокатына сілтеме жасап.

Бұған дейін баспасөз құралдары Испанияда Резник «Тамбов қылмыстық тобы» құрамында Испания жерінде арам ақшаны заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған.

2008 жылы Резниктің Испаниядағы вилласына тінту жүргізілген. Ал 2009 жылы Испанияда жергілікті кәнігі қылмыскер Резникке қарсы куәлік берген.

XS
SM
MD
LG