Accessibility links

Анкарадағы жарылыстан 34 адам қаза тапты


Жарылыс орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Анкара, Түркия, 13 наурыз 2016 жыл.

Түркия билігінің хабарлауынша, Анкараның орталығында 13 наурызда мина жасырылған көлік жарылып, 34 адам қаза тапты. 125 адам жараланды.

Түркиялық NTV телеарнасының хабарлауынша, жарылыс қаладағы басты алаңға жақын Ататүрік бульварындағы парк жанында орналасқан автобус аялдамасында болған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған шабуылдан соң жасаған мәлімдемесәнде "Мемлекетіміздің тұтастығы мен халықтың бірлігіне және ынтымағына қауіп төндіретін шабуылдар біздің терроризммен күрестегі табандылығымызды әлсірете алмайды, керісінше күшейте түседі" деді.

Премьер-министр Ахмет Давутоглу жарылысқа байланысты шұғыл үкімет отырысын өткізді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қауіпсіздік қызметінің екі офицері жарылыс орнынан табылған айғақ заттар шабуылға Күрдістан жұмысшы партиясының жауапты екенін көрсететінін айтқан.

Соңғы алты айда Түркияда осымен төртінші рет ірі жарылыс болып отыр. Үш апта бұрын Анкарада әскерилер мінген автобустарға шабуыл жасалып, 29 адам қаза тапқан. Қаңтардың басында Анкараның Сұлтанахмет ауданында болған жарылыстан 10 адам мерт болған. Өткен жылдың қазан айында Анкарада жанкештілер жасаған жүзден астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG