Accessibility links

АҚШ: Сириядан әскер шығару санкцияға әсер етпейді


АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия жөніндегі көмекшісі Виктория Нуланд.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия жөніндегі көмекшісі Виктория Нуланд.

Сириядан Ресей әскери техникасының біразын шығару АҚШ-тың ресейлік компаниялар мен осы ел азаматтарына қарсы салған санкцияларын жоюға немесе жеңілдетуге әсер етпейді деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мәселелері бойынша көмекшісі Виктория Нуланд.

Кремльдің Сириядан әскери техникасының көпшілігін шығару туралы күпеген шешімінен соң сөйлеген Нуланд АҚШ ұстанымы бойынша Сириядағы дағдарыс пен Украина шығысындағы қақтығыс бір-бірімен байланысты емес. "Біз Украинаға қатысты шешімді сол елде болып жатқан оқиғаларға байланысты қабылдаймыз. Санкция Украинаға байланысты салынған. Сондықтан, біздің көзқарасымыз бойынша Сирияда болып жатқан оқиғалар Украинаға қатысты шешімімізге әсер етпейді" деді Нуланд.

15 наурызда Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест Ресейдің Сириядан әскери техникасын шығарып жатқанын растаған. Бірақ Пентагон мәліметінше, Сириядан ресейлік тек бірнеше ұшақ қана әкетілген. және мұны "әскери контингенттің көпшілігін шығару" деп атауға болмайды. Джош Эрнест әзірге Мәскеудің бұл қадамы Сириядағы жағдайға қалай әсер ететінін болжау ерте дейді.

XS
SM
MD
LG