Accessibility links

Украина бас прокуроры қызметіне оралды


Украина бас прокуроры Виктор Шокин.
Украина бас прокуроры Виктор Шокин.

Украинаның өткен айда қоғамдық қысыммен отставкаға кеткен бас прокуроры Виктор Шокиннің қызметіне қайта оралғаны хабарланды. Бұл ақпаратты прокуратура баспасөз қызметі де растады. Шокин Украинадағы реформаларға кедергі келітірп жатыр деп айыпталған болатын.

Украина парламенті - Жоғарғы Рада комитеті таяуда Шокинді қызметінен босату мәселесін парламентте дауысқа салуды ұсынған. Бірақ оның орынбасары Владислав Куценко отставканы қабылдау үшін дауыс жеткіліксіз болатынын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы Украина президенті Петр Порошенкоға мемлекеттік басқару құрылымын жаңалау аясында Шокинді қызметтен алуға кеңес берген.

XS
SM
MD
LG