Accessibility links

Мушаррафқа Пәкістаннан шығуға салынған тыйым жойылды


Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф.
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф.

Пәкістан Жоғарғы соты елдің бұрынғы президенті Первез Мушаррафқа елден шығуға 2013 жылы салынған тыйымды алып тастады. Мушарраф Пәкістанға 2013 жылы наурызда сайлауға қатысу үшін оралған. Бірақ сайлауалды бәсекеден шеттетілген. Оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Бұрынғы прездиенттің адвокаттары Мушарраф омыртқасы ауыратындықтан, шетелде емделуі қажет дейді. 70 жастағы Мушарраф 1999 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде сол кездегі премьер-министр Наваз Шарифті биліктен тайдырып, орнына келген. Наваз Шариф қазір қайтадан Пәкістан премьер-министрі болып отыр. Мушарраф 2008 жылы отставкаға шығып, елден кетіп қалған еді.

XS
SM
MD
LG