Accessibility links

Педофильді уақытша кастрациялау заңы мақұлданды


Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламенті сенаты педофильдерді химиялық жолмен кастрация жасауға рұқсат ету туралы заңға өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. "Бала құқығын қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстанынң кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылауда сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Төлеубек Мұқашевтың айтуынша, бұл мәселе бойынша әкімшілік кодекс пен қылмыстық кодекске түзетулер енгізіледі.

Ал сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімованың айтуынша, кастрация адамды жыныстық зорлық-зомбылықтан ескерту үшін, бір ретке инъекция егу арқылы жасалады. "Бұл инъекция салынды, енді ол адам өмір бойына осындай күйде қалады деген сөз емес. Мүлде олай емес. Және де оны тек медициналық мекемеде сот шешімі бойынша ғана орындайды" деген Әйтімова.

XS
SM
MD
LG