Accessibility links

Қазығұртта кандидатты тіркеуден алуға қарсылық танытты


Аудандық маслихаттың депутаттығына кандидат Боранбай Төлеевті тіркеуден алып тастауға наразылық білдірген адамдар. Қазығұрт ауылы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 17 наурыз, 2016 жыл.
Аудандық маслихаттың депутаттығына кандидат Боранбай Төлеевті тіркеуден алып тастауға наразылық білдірген адамдар. Қазығұрт ауылы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 17 наурыз, 2016 жыл.

Бүгін, наурыздың 17-сі күні таңертең Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт кентінде осы ауданға қарасты Алтынтөбе ауылының бір топ тұрғыны жиналып, наразылық танытқаны хабарланды.

Facebook қолданушысы Бердалы Дүйсенбайұлы парақшасында жазуынша, тұрғындар "аудандық маслихатт депутаттығына кандидаттың сайлауға екі күн қалғанда алынып тасталғанына наразылық танытқан".

Азаттық тілшісі Бердалы Дүйсенбайұлына хабарласқанда ол өзінің Қазығұрт кентінен шығып бара жатқанын айтып, кент орталығына келушілердің көптігін растады.

Оның айтуынша, Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде тіркелген Боранбай Төлеевті қолдаушылар аудан орталығына үш "Газель" жолаушылар автобусы мен қырық шақты көлікпен келген. Ол сол жердегі көргендердің айтуымен «екі жүзге жуық адам бар» деп топшылайды. Боранбай Төлеевті сырттай ғана білетінін айтқан ол Қазығұртқа келген Алтынтөбе тұрғындарының аудандық сотқа қарай кеткенін айтты.

Боранбай Төлеев Алтынтөбе ауылы тұрғындарының өзін қолдап Қазығұртқа келгенін растағанымен, нақты санын айта алмады. Төлеевтің айтуынша даудың шығуына аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелу үшін тапсырған табыс декларациясы түрткі болған. Ол халықтың өзін қолдап аудан орталығына баруы өзімен келісілмегенін, халықтан тезірек тарауын сұрағанын және мәселені сот шешетінін айтты.

XS
SM
MD
LG