Accessibility links

Украинада Лениннің ең үлкен ескерткішін құлатты


Ленин ескерткішін тұғырынан құлату сәті. Запорожье, Украина, 17 наурыз 2016 жыл.
Ленин ескерткішін тұғырынан құлату сәті. Запорожье, Украина, 17 наурыз 2016 жыл.

Украина билігі Запорожье қаласында Владимир Лениннің ең ірі ескерткішін құлатты. Запорожьеде 60 жыл тұрған, салмағы 40 тонналық ескерткіш декоммунизация туралы заңға сай алынды.

Соңғы жылдары елде Лениннің 100-ге тарта ескерткіші құлатылды. Ленин атындағы мыңға тарта көше, алаң, қалашықтар мен елді мекендер, компаниялар мен басқа да нысандар атауы заңға сай өзгертілді. Декоммунизация туралы заң советтік және нацистік режимдерді айыптап, олармен байланысты үгіт-насихат, символдар мен атауларға тыйым салады.

Украинада советтік мұралардан бас тарту процесі Ресей 2014 жылы Қырым түбегін заңсыз аннексиялап алып, Украинаның шығысында Мәскеу қолдайтын сепаратистермен қақтығыс басталған соң үдеген.

XS
SM
MD
LG