Accessibility links

Мушарраф Пәкістаннан ұшып кетті


Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф.
Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф.

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф бүгін таңертең Пәкістаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ұшып кетті. Бұл туралы оның өкілі хабарлады.

Бұған дейін Мушаррафтан Пәкістаннан сыртқа шығуға салынған тыйым алынып тасталған. Мушаррафтың адвокаттары оны омыртқасының созылмалы дертіне байланысты шетелде емделу қажет дейді. Пәкістан билігі бұрынғы әскери басшы Мушаррафқа мемлекетке сатқындық жасады, экс-премьер Беназир Бхуттоның өліміне қатысы бар деген айыптар таққан.

16 наурызда Пәкістан Жоғарғы соты Мушаррафқа үш жыл бұрын салынған елден шығу тыйымын жойған. Пәкістан ішкі істер министрі Чаудхари Нисар Әли Ханның айтуынша, Мушаррафтың адвокаттары экс-премьер алты аптадан соң қайтып оралатынына және өзіне қатысты іс бойынша сотқа келетініне кепілдік берген.

XS
SM
MD
LG