Accessibility links

Қырғызстанның Сох анклавында шекара жабылды


Қырғызстан-Өзбекстан шекарасындағы "Достук-автодорожный" өткізу пункті (Көрнекі сурет).
Қырғызстан-Өзбекстан шекарасындағы "Достук-автодорожный" өткізу пункті (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Баткен облысындағы Сох өзбек анклавында барлық шекаралық бақылау-өткізу пунктері жабылды деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең Ала-Бұқа ауданының Моғол елді мекенінде қырғыз-өзбек шекарасына Өзбекстан әскерилері бүгін екі БТР мен екі "КамАЗ" көлігін кіргізген.

Шекара қызметінің мәліметінше, оқиға орнында бұған қоса Өзбекстанның 35-40 әскери қызметкері жүр. Бұл оқиғаға байланысты қазір Қырғызстан тарабының ұсынысымен Моғолда Қырғызстан мен Өзбекстан шекара қызметі өкілдерінің келіссөзі басталған.

Сағат 08:00-де Өзбекстан жағы бір жақты түрде "Маданият-автодорожный" бақылау-өткізу пунктін толық жауып тастаған.

"Достук-автодорожный" өткізу пунктінде Өзбекстан жағы жеке адам мен көлік құралдарын кіргізуді шектеген. Яғни, Қырғызстан азаматтарына Өзбекстаннан шығуға рұқсат етілген, ал кіруге тыйым салынған. Үшінші елдің азаматтарының "Достук-автодорожный" пунктінен өтуіне кедергі қойылмаған.

Ал Қырғызстан жағы "Баймак-автодорожный", "Кен-Сай-автодорожный" және "Кадамжай-аводорожный" бақылау-өткізу пунктерінде Өзбекстан азаматтары мен көлік құралдарын өткізуді тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG