Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Астана уақыты бойынша сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша Қазақстан бойынша сайлаушылардың 17,57 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді деп хабарлады.
ОСК мәліметі бойынша, сағат 10:00-ге дейін сайлаушылар белсенділігі Қостанайда жоғары болған (24,85 пайыз), ал дауыс белсенділігі ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында болған - 6,94 пайыз. Астанада сайлаушылардың 20,65 пайызы дауыс беріп үлгерген.
Қазақстанда парламент мәжілісіне ерте сайлау мен мәслихатқа кезекті сайлауға дауыс беру барлығы 9 мың 840 сайлау учаскесінде өтіп жатыр.