Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада дауыс берді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада мәжіліс пен мәслихат сайлауына дауыс берді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Назарбаев даусын Оқушылар сарайында орналасқан 81-сайлау учаскесінде берген.

"Мен өзімнің конституциялық өкілеттігімді орындап, дауыс бердім. Кезектен тыс сайлау парламентіміздің бастамасы бойынша, Қазақстан бойынша жаңару жүріп жатқанын түсіне отырып өтіп жатыр. Біз дағдарысты еңсеріп жатырмыз, бұл үшін жаңа, дайындығы жоғары, істі білетін депутаттар керек. Олар жаңа заңдар дайындайды" деген Назарбаев дауыс беруден соң.

Назарбаев сайлаушылар өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып "дауыс беруге белсенді қатысады" деп ойлайтынын айтқан. "Нәтиже өте жақсы болады деп ойлайм, біз елімізге керек парламентті сайлаймыз" деген президент.

Бүгін Қазақстанда парламент мәжілісіне ерте, барлық деңгейдегі мәслихаттарға кезекті сайлау өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, Астана уақытымен сағат 10:00-ге дейін Қазақстан бойынша сайлаушылардың 17,57 пайызы дауыс беріп үлгерген.

XS
SM
MD
LG