Accessibility links

ОСК: 40 пайыздан астам сайлаушы дауыс беріп үлгерді


Алматы облысындағы сайлау учаскелерінің бірі. 20 наурыз 2016 жыл.
Алматы облысындағы сайлау учаскелерінің бірі. 20 наурыз 2016 жыл.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Татьяна Охлопкова брифингте бүгін түске дейін парламент пен мәслихат сайлауына сайлаушылардың 40 пайыздан астамы дауыс беріп үлгергенін хабарлады.

"Облыстар мен Алматы және Астана қалаларының сайлау комиссиялары берген мәліметтер бойынша, сағат 12:00-дегі уақыт бойынша тізімдегі сайлаушылардың 40,21 пайызы бюллетенін алған" деді Охлопкова. ОСК мәліметінше, сайлаушылар белсенділігі Алматы облысында жоғары болған. Ал сайлаушылар ең аз дауыс беріп үлгерген - Алматы қаласы.

Бұған дейін ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов Қазақстандағы сайлау "әділетті" және "заң бұзылмай" өтіп жатқанын хабарлаған.

Дауыс беру сағат 20:00-де аяқталады. Батыстағы басқа сағаттық белдеуде орналасқан Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында дауыс беру бір сағатқа кеш (Астана уақыты бойынша сағат 21:00) аяқталады. Бұдан соң дауыстарды санау басталады.

Сайлаушылар белсенділігі туралы алдын ала мәлімет сағат 22-ден кейін жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG