Accessibility links

Назарбаев: Қазақстанды демократияға өтуге асықтырмау керек


Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауына дауыс беретін кабинадан шығып келеді. Астана, 20 наурыз 2016 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауына дауыс беретін кабинадан шығып келеді. Астана, 20 наурыз 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзге елдерді Қазақстанды демократия жолына түсуге "асықтырмауға" шақырды. Астанада парламент мәжілісі сайлауына дауыс берген соң Назарбаев Қазақстан демократияға ақырындап өтіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, демократия Қазақстан үшін "жолдың басы емес, соңы".

"Біздің асықтырудың керегі жоқ, себебі біз басқамыз, бұл Азия, бізде басқаша қатынас, басқа дін, адамдар арасындағы мүмкіндіктер де өзгедей" деді Назарбаев дауыс беруден соң журналистер сұрағына жауап беріп тұрып.

Қазақстанда бүгін парламент мәжілісіне ерте, барлық деңгейдегі мәслихаттарға кезекті сайлау өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, Астана уақытымен сағат 12:00-ге дейін Қазақстан бойынша сайлаушылардың 40 пайыздан астам пайызы дауыс беріп үлгерген.

XS
SM
MD
LG