Accessibility links

Қазақстан балуандары Рио жолдамасын иеленді


Нұрмахан Тінәлиев.
Нұрмахан Тінәлиев.

Астанада күрес түрлерінен Рио-де-Жанейро олимпиадасына Азия құрлығы бойынша іріктеу аяқталды.

Грек-рим күресінен 130 килограм салмақта екі дүркін Азия ойындарының чемпионы Нұрмахан Тінәлиев барлық қарсыластарын жеңіп, олимпиада жолдамасын иеленді.

2015 жылы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен әлем чемпионатында Алмат Кебісбаев (59 кг) пен Досжан Картиков (75 кг) қола медаль алып, лицензия иеленген.

Еркін күрестен 74 килограмда Ғалымжан Өсербаев, 86 килограмда Аслан Кахидзе, 97 килограмда Мамед Ибрагимов және 125 килограмда Дәулет Шабанбай да қарсыластарын жеңіп, Рио лицензиясын иеленді.

2015 жылы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен әлем чемпионатында Артас Санаа (57 килограмм) қола медаль иеленіп, олимпиада жолдамасын алған.

Әйелдер күресінен 48 килограмда Жұлдыз Ешімова, 63 килограмда Екатерина Ларионова, 69 килограмда Эльмира Сыздықова және Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Гюзаль Манюрова да олимпиадаға жолдама алды.

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен 66, 85, 98 килограмм салмақта, еркін күрестен 65 килограм салмақта, әйелдер күресінен 53, 58 килограм салмақта жолдама ала алмады.

Енді Қазақстан құрамасы бұл салмақтар бойынша жолдаманы Улан-Батор (Моңғолия) мен Стамбулда (Түркия) өтетін іріктеу жарысында алуға тырысады.

Риодағы олимпиада ойындары 5-22 тамызда өтеді. Қазір Қазақстанда 60 астам олимпиада жолдамасы бар.

XS
SM
MD
LG