Accessibility links

Қырғыз премьері Ақсыда наразылармен кездесті


Ақсы ауданы орталығында жиналған адамдар. Жалалабад облысы, Қырғызстан, 22 наурыз 2016 жыл.
Ақсы ауданы орталығында жиналған адамдар. Жалалабад облысы, Қырғызстан, 22 наурыз 2016 жыл.

Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев Жалалабад облысы Ақсы ауданындағы Кербен кентінде аудандық әкімдік алдына жиналған екі жүзге жуық тұрғынмен кездесу өткізіп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Сол жерде қырғыз оппозициясы құрылтай өткізгелі отыр. Жиынға ондаған саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылған.

Қырғыз оппозициясы үкіметті Өзбекстанмен шекарадағы даулы жер мәселесіне қатысты нақты іс бітірмей отыр деп сынайды.

Кеше қырғыз шекара қызметінің төрағасы Райымберді Дүйшенбиев Азаттыққа Қырғызстан мен Өзбекстан шекарадағы даулы аймаққа жиналып қалған әскер санын азайтып, екі тараптың әрбірі Чал-Сарт деп аталатын аумақтағы 20 сарбазының 8-ін ғана қалдырды деп хабарлаған.

Өткен жұма күні Өзбекстан Қырғызстанмен шекарадағы даулы аймаққа әскери техникасы мен әскерін апарып орналастырған соң Қырғызстан да шекара бөлімшелеріне жауынгерлік әзірлігін күшейте беруді тапсырған.

Ақсыдағы наразылық акциясы жайлы видео:

Ақсыдағы наразылық акциясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:44 0:00

XS
SM
MD
LG