Бельгия астанасы Брюссель қаласы әуежайында бүгін екі жарылыс болып, бірнеше адам жараланған. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Агенттік ақпараты бойынша, жарылыс ұшуға шығатын аймақта болған. Төтенше оқиғадан кейін жолаушыларды әуежайдан қауіпсіз жерге шығара бастаған. Әуежаймен темір жол байланысы тоқтатылғаны хабарланды.