Accessibility links

France-Presse: Брюссельде 21 адам қаза тапты


Жарылыстан бүлінген әуежай. Брюссель, 22 наурыз 2016 жыл.
Жарылыстан бүлінген әуежай. Брюссель, 22 наурыз 2016 жыл.

Брюссель әуежайындағы жарылыстан 11 адам, Маальбэк метро станциясы маңындағы жарылыстан 10 адам қаза тапты деп хабарлады қалалық өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасаған France-Presse агентігі. 35 адам ауыр жараланған.

Брюссель прокуратурасы әуежайдың ұшу залындағы жарылысты жанкешті жасағанын растады.

Қаладағы Маальбэк және Шуман метро станциялары маңында да жарылыс болған.

Қаладағы қоғамдық көліктер тоқтап, негізгі теміржол вокзалдары жабылып қалды.

18 наурызда Брюссель маңында Париждегі терактілерге қатысы бар деген күдікті Салех Абдеслам полиция операциясы кезінде ұсталған. 2015 жылы 13 қарашада Парижде болған терактілерден 130-дан астам адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG