Accessibility links

Брюссельде қаза тапқан адамдар 26-ға жетті


Метро станциясындағы жарылыстан жараланған адамдар. Брюссель, 22 наурыз 2016 жыл.
Метро станциясындағы жарылыстан жараланған адамдар. Брюссель, 22 наурыз 2016 жыл.

Бельгия астанасы Брюссельде әуежайда болған екі жарылыстан, алдын-ала ресми дерек бойынша, 11 адам қаза тапқан, 81 адам жараланған. Брюссель прокуратурасы әуежайдың ұшу залындағы жарылысты жанкешті жасағанын растады.

Қаладағы Маальбэк және Шуман метро станциялары маңында да жарылыс болған. Метродағы жарылыстан 15 адам көз жұмып, 55 адам жараланған.

Қаладағы қоғамдық көліктер тоқтап, негізгі теміржол вокзалдары жабылып қалды.

18 наурызда Брюссель маңында Париждегі терактілерге қатысы бар деген күдікті Салех Абдеслам полиция операциясы кезінде ұсталған. 2015 жылы 13 қарашада Парижде болған терактілерден 130-дан астам адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG