Accessibility links

Ресейдің Ростов облысындағы Донецк қалалық соты ресейлік екі журналистің өліміне байланысты айыпталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконы 22 жылға соттауға үкім етті.

Савченко "Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін" 30 мың рубль айыппұл төлеуге тиіс болды.

Үкімді оқу екі күнге созылды. Бұған дейін прокуратура Савченконы 23 жылға соттауды, ал адвокаттар оны толық ақтауды сұраған.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко 2014 жылы маусымда Украинаның шығысында ұсталып, Ресейге жіберілген. Оған ресейлік журналистер Игорь Корнелюк пен Антон Волошиннің қазасына қатысты айып тағылған. Ресей тарабы "Савченко журналистердің қай жерде екенін анықтап, артиллеристерге олардың тұрағын көрсеткен" дейді. Бірақ Савченко ол айыпты мойындамайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG