Accessibility links

Брюссельдегі жарылыстарды ИМ мойнына алды


Әуежайдағы жарылыстан кейінгі көрініс. Брюссель, 22 наурыз 2016 жыл.
Әуежайдағы жарылыстан кейінгі көрініс. Брюссель, 22 наурыз 2016 жыл.

Бельгия астанасы Брюссельдегі жарылыстардың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы мойнына алды. Бұл топтың мәлімдемесін оған қатысы бар Amaq ақпарат агенттігі таратты.

Брюссельде әуежайда болған екі жарылыстан, алдын-ала ресми дерек бойынша, 11 адам қаза тапқан, 81 адам жараланған. Қаладағы Маельбек және Шуман метро станциялары маңында да жарылыс болған. Метродағы жарылыстан 15 адам көз жұмып, 55 адам жараланған. Бельгиялық телекомпаниялардың бірінің дерегінше, жиыны 34 адам (әуежайда - 14, метрода - 20 адам) қаза тапқан.

Қаладағы қоғамдық көліктер тоқтап, негізгі теміржол вокзалдары жабылып қалды.

18 наурызда Брюссель маңында Париждегі терактілерге қатысы бар деген күдікті Салех Абдеслам полиция операциясы кезінде ұсталған. 2015 жылы 13 қарашада Парижде болған терактілерден 130-дан астам адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG