Accessibility links

Керри Мәскеуде Сирия мен Украина жайлы кеңеспек


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Мәскеу, 23 наурыз 2016 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Мәскеу, 23 наурыз 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Мәскеуге екі күндік сапармен барды. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеспек. Кездесуде басты мәселе Сириядағы ахуал, ондағы билік пен оппозицияны бейбіт келіссөзге келтіру жайы, Украинаның шығысындағы дағдарыс болмақ.

Керридің сапары қарсаңында Ресей АҚШ-тың Сирияға қатысты ұстанымын сынап, татулық келісімін бұзғандарды өзі жазалайтынын мәлімдеген. АҚШ Ресейді біржақты әрекеттен сақтандырған.

Джон Керри Ресей билігінен Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қыcым көрсетіп, Минск келісімі шартын орындатуға шақырмақ. Ол кеше Ресейде 22 жылға сотталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконың жайын да сөз етеді.

XS
SM
MD
LG